Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты «Алматы» ауданының ТЖБ өрт қаупісіздігі жөнінде қарым-қатынас туралы ақпараттық жаднамасын жасады.

«Алматы» ауданының ТЖБ өрт қаупісіздігі жөнінде қарым-қатынас туралы ақпараттық жаднамасын жасады.

PDF Баспаға жіберу
24.04.2017 11:58

Жылыту маусымының аяқталуына қарамастан, Астана қаласы ТЖД Алматы ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының   қызметкерлері Астана қаласы ІІД Алматы ауданы ІІБ ЖПҚ қызметкерлерімен бірлесіп, 2017 жылғы 21 сәуірде тұрғын жер үйлерді аралау іс-шараларын өткізді. Тұрғын үйлерді аралау барысында, үй маңындағы қоқыстар мен жанғыш заттарды уақытылы тазалау, өрт қауіпсіздігінің нрмалары мен ережелерін сақтау бойынша ауызша нұсқаулықтар және анықтама парақтары таратылды.

Халықты үйрету мақсатында бүгінгі күні  жаднама тиімді әдістердің бірі болып отыр.   Оларды өрт қауіпсіздік ережесін насихаттау мақсатында, тұрғындардың әр түрлі жас дәрежесін қамтуға қолдану,  жарнамалық құрылым күнделікті қала тұрғындары мен қонақтарды басым бөлігін тартатыны, халықтың өрт қауіпсіздік мәдениетін жоғарылатуға мүмкіндік беретіні күмәнсіз.

Сонымен қатар Басқарма қызметкерлерімен өрттің алдын алу мақсатында, Алматы ауданы тұрғындары өрт қауіпсіздігі саласында қызғушылық сұрақтары бойынша нұсқама алатын, қызметкердің суретімен байланыс телефондары көрсетілген анықтама парағы құрастырылды.

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

Астана қаласы ТЖД «Алматы» ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы, Сіздерді ақпараттандыру мақсатында, осы әкімшілік учаскеге Астана қаласы ТЖД «Алматы» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау майоры Арман Рымбекұлы Сабиров (байланыс нөмірлері: 39-08-00,   қызмет көрсететінін мәлімдейді. Біздің мекен-жай: Астана қаласы, «Алматы» ауданы, Омаров көшесі, 91.

Пештік жылыту, электр құралдарын монтаждау және пайдалану сұрақтары бойынша, сонымен қатар өрт қауіпсіздігінің өзге де нормалары мен ережелерін сақтау мәселелері жөнінде «Алматы» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері түсіндіріп әрі кеңес беруге әзір.

Естеріңізде болсын! Өртті сөндіргеннен гөрі, алдын алған оңай!

Астана қаласы ТЖД «Алматы» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Нұрлан Еслямбекұлы Омаров.

 

Астана қаласы ТЖД

«Алматы» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы


 
Система Orphus