Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астана қаласы ТЖД бастығның мақаласы ғылыми журналда жарияланды

Астана қаласы ТЖД бастығның мақаласы ғылыми журналда жарияланды

PDF Баспаға жіберу
16.01.2014 06:19

Қаңтардың 15-і күні «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ-ның президенті, генерал-майор Карбузов К-К.Ж. атынан Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ басқарма бастығы Сейтбатталов Е.Ж. Департамент бастығы Мейрам Қабденұлы Ысқақовқа салтанатты түрде «Сардар» журналын табыс етті. Журналдың бұл санында Мейрам Қабденұлының «Заманауй жағдайларда Қазақстан Республикасында азаматтық қоғанысты жүргізудің өзектілігі» тақырыбындағы ғылыми мақаласы жарыққа шыққан болатын. Департамент басшысы өз мақаласында еліміздегі азаматтық қоғанысты жүргізу тақырыбын ашып, ағымдағы жағдай жөнінде айтып, азаматтық қорғаныс төңірегіндегі мәселелер мен жоспарлар жайында, азаматтық қорғаныстың дүниежүзілік тәжірибесі мен даму қарқынына тоқталды.

«Сардар» ғылыми журналы Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы жанынан жарыққа шығады. Журнал беттерінде әскери саясат бағытындағы сараптамалық ақпараттар мен ұсыныстар жарияланады. Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы отандық және шетелдік зерттеу институттарымен жұмыс істеп, әскери-стратегиялық салада семинарлар мен конференциялар өткізеді.

Кездесуге «Сардар» журналының техникалық редакторы Алтынбеков Б.Т. қатысты. Ғылыми журналдың өкілдері Мейрам Қабденұлына мақала үшін алғыстарын білдіріп, әрекеттестік жөнінде тілектерін білдірді. Бұдан бөлек, журнал өкілдері аталмыш басылымға  Департамент мамандары ғылыми материалдар жолдауларына болатындығын айтып, «Сардар» журналына жазылуға шақырды.

Астана қаласы ТЖД-нің баспасөз қызметі


 
Система Orphus