Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астаналық құтқарушылар ең мықты кезекші ауысымды анықтады.

Астаналық құтқарушылар ең мықты кезекші ауысымды анықтады.

PDF Баспаға жіберу
28.04.2017 05:18

Ағымдағы жылдың   сәуір айында  Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ 4-МӨСБ кезекші ауысымдары арасында өрт сөндіруші-құтқарушылардың кәсіби шеберлігін, қызметтік және жауынгерлік дайындығын көтеру мақсатында өрт сөндіру-құтқару дайындығы бойынша жарыстар өткізілді.

Жарыстар екі кезең бойынша өткізілді. Бірінші кезең - жеке құрамның функционалдық міндеттерін және басты азаматтық қорғау органының реттейтін құжаттарды игеруін анықтау болса, екінші кезең – өрт сөндіру-құтқару нормативтерін орындаудан тұрды.

Сонымен қатар, өрт сөндірушілер арасында бөлімше құрамында жауынгерлік киім мен құралды уақытқа кию, дабыл бойынша жиналып өртке шығу, құтқару арқанын екі іліп байлап құтқарушыға кигізу, оқу-жаттығу мұнарасының терезесіне 3 буынды жылжымалы сатыны орнату, жұмыс жолағынан   екі жеңге және магисталды жолақ арқылы 3 жеңнен 3 оқпанмен автоцицернадан жауынгерлік қанат жаюдан жарыстар өткізілді.

Жарыс қорытындысы бойынша ең аз   бал жинаған және де ең жақсы уақыт көрсеткен бөлімнің №1 кезекші ауысымы бірінші орынды иеленді. Екінші орынға №3 ауысым қол жеткізді. Үшінші орында №4 ауысым командасы тұрақтады.

Бірінші орынды иеленген команда кубокпен және дипломмен марапатталып, жүлдегерлерге диплом берілді.

 


Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ»


 
Система Orphus