Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Жедел шеберлікті жетілдіру мектебінде офицерлік құраммен сабақ өтті

Жедел шеберлікті жетілдіру мектебінде офицерлік құраммен сабақ өтті

PDF Баспаға жіберу
03.05.2017 08:34

Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде астаналық гарнизонда Өрт сөндіру қызметінің қарауылдық қызметті өткеруден бос офицерлік құрамы күнінің басым бөлігін оқушылар партасында өткізді. Осылайша өрт сөндіру бөлімдерінің басшыларымен  ай сайын  Жедел шеберлікті жетілдіру мектебінде теориялық сабақтар өтеді.

Кәсіби шеберлігін жетілдіру шеңберінде, өрт сөндіруді ұйымдастыру кезіндегі арнайы білімді тереңдету мақстанда өткізілетін бұндай сабақтар алуан түрлі болады: дәрістер, семинарлар, жедел-тактикалық қатынастағы ең маңызды және күрделі объектілерді егжей-тегжейлі зерттеу және жаңа нұсқаулар мен бұйрықтармен танысу. Бірақ әрқашан өрт теориясы мен тактикасы Жедел шеберлікті жетілдіру мектебінде  тәжірибелік дағдыларды меңгерумен аяқталады:  арнайы және физикалық дайындық  нормативтерін орындауы бойынша

Сабақты ТЖ Департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Б. О. Дұзақбаев және Өрт сөндіру бөлімінің басшылығымен өткізілді. Сабақ тақырыбы: ЖЭО-1 ықтимал өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығуын талдау бодды. От жұмыстарын жүргізу нәтижесінде, №3 мазут багының  тамбурында үйме ішіндегі жайылмаларға мазут төгіліп, кейіннен жану орын алды. №3, 4 мазут резервуарында  өрт таралу  қаупі пайда болды. Мазуттың 70 м2 аумақта жайылмалар мен үймелердің кейбір жерлеріне ағуы орын алды. ЖЭО-1 станциясы ауысым бастығы  КҚЖБО ӨБОП өрт туралы хабарлайды, дабыл жариялайды және бір мезгілде ЖЭО-1 объектілік ӨСБ кезекші ауысымын 1 АЦ құрамында өрт орнына жібереді. Кезекші персонал №3 МБ мазут жану және құюы кезінде, мазут беру бойынша құбырларды бөгейді.

ЖЭО-1 ӨСБ кезекші ауысымы мен  және объектінің ерікті-өрт сөндіру құрамалары өрт сөндіруге кіріседі. Қатысушылар оқу-жаттығуды өткізу жоспарымен танысып, оның қорытындысы бойынша басшылықты тыңдады.

Сондай-ақ, сабақтарда «Қазавиақұтқару» АҚ қызметкерлері жеке құрамға «Астана ЭКСПО-2017» өткізу кезеңінде жұмылдырылатын «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшақтарының  тактикалық-техникалық сипаттамаларымен таныстыру бойынша сөз сөйледі.

Қорытындылай келе, Барат Оспанұлы, өрт сөндіру штабының жұмысына қатысты кейбір жәйттерге, өрт сөндіру жетекшісінің іс-қимылына, ГТҚҚ буыны және басқа да көптеген жұмысқа қатысты жекелеген мәселелерге тоқталып өтті.


Астана қаласы ТЖД «ӨСжәне АҚЖҚ» ММ



 
Система Orphus