Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астаналық құтқарушылар Шоқыну шомылуларында қауіпсіздікті қамтамасыз етеді

Астаналық құтқарушылар Шоқыну шомылуларында қауіпсіздікті қамтамасыз етеді

PDF Баспаға жіберу
16.01.2014 12:33

16 қаңтар күні христиандық крещение Господня мерекесі қарсаңында Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Суда-құтқару қызметі брифинг ұйымдастырды. Жыл санап аталмыш мереке күні суға түсу артып келетінін айтады. 2012 жылы қасиетті суға түсушілердің саны шамамен 5000-ды құраса, өткен жылы шамамен 7000 адам суға түскен екен. Сәйкесінше, биылғы жылы да бұл көрсеткіш артуы мүмкін деген жорамал бар. Суда құтқару қызметінің мамандары, журналистер қауымына судағы қауіпсіздік шаралары жайында айтып, барлық ойықтардың жанында құтқарушылар қызмет ететіндіктерін жеткізді.

Аласталған шоқынған суға түсу – экстрималды қадам десек болады. Сол себепті де Суда-құтқару қызметі қасиетті суға түсу  келесі топтарға қауіпті:

  • балаларға;
  • бұл істе тәжірибесі жоқ адамдарға;
  • егде жасты адамдарға;
  • денсаулығы төмен адамдарға;
  • ішімдік ішкен адамдарға.

Тек белгіленген, арнайы құрылғылармен қамтамасыз етілген, көмек қажет болғанда қол ұшын беретін арнайы мамандары бар жерлерде ғана суға түсіңіздер. Бұл мақсатты қала Әкімдігімен арнайы су ойықтары жасалған (қосымша ағаш немесе темір торлармен жабдықталған ойықтар, адамның су астына кетпеуін қамтамасыз етеді): оң жақ жағалауда Оқушылар сарайының жағалауында ( «Гранд Астана» ТК) және сол жақ жағалауда орталық саябақтың жанында.

Астана қаласы ТЖД-нің баспасөз қызметі


 
Система Orphus