Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Елордалық құтқарушылар өрт- тактикалық оқу жаттығу өткізді

Елордалық құтқарушылар өрт- тактикалық оқу жаттығу өткізді

PDF Баспаға жіберу
03.05.2017 09:41

Астана қ. ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ  қызметкерлері «Астана-Энергия» АҚ  ЖЭО-1 аумағында өрт – тактикалық оқу-жаттығулар өткізгді.

Оқу-жаттығулар барысында қаланың ірі жылу электрстанцияларының бірі «Астана-Энергия» АҚ  ЖЭО-1 дайындығы тексерілді: жалпы аумағы 17067 шаршы метрді құрайтын бас корпус. Турбиналық бөлім темір бетонды қабырғалар мен бекітпелерден жасалып, екі қабаттан тұрады. ЖЭО-1 жылу энергиясын өндіреді және оны тұғын секторларға, Астана қаласының өндіріс объектілеріне жеткізеді.

Осылайша, «Өндірістік объектіде төтенше жағдайларды жою туралы» тәжірибелік іс-шараның тақырыбына сәйкес, №3 мазутты бактағы өртті жою бойынша жаттықты. Үйме ішіндегі жайылмаларға мазут төгіліп, кейіннен жану орын алды. №3, 4 мазут резервуарында  өрт таралу  қаупі пайда болды.

Мазуттың 70 м2 аумақта жайылмалар мен үймелердің кейбір жерлеріне ағуы орын алды. Оқу-жаттығу мақсатына жету үшін жылу электр станцияларының объектілерінде өрт сөндіру бойынша  Астана қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамы  мен ЖЭО-1 ӨСБ кезекші ауысымымен өзара әрекеттесу бойынша практикалық дағдыларын жетілдірілді.

ЖЭО-1 станциясы ауысым бастығы  КҚЖБО ӨБОП өрт туралы хабарлайды, дабыл жариялайды және бір мезгілде 1 АЦ құрамында өрт орнына жібереді. Кезекші персонал №3 МБ мазут жану және құюы кезінде, мазут беру бойынша құбырларды бөгейді.

ЖЭО-1 ӨСБ кезекші ауысымы мен  және объектінің ерікті-өрт сөндіру құрамалары өрт сөндіруге кіріседі. Қатысушылар оқу-жаттығуды өткізу жоспарымен танысып, оның қорытындысы бойынша басшылықты тыңдады.

Оқу-жаттығуға «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ жеке құрамының 20 адамы және 6 бірлік техникасы және  «Астана-Энергия» ЖЭО-1 ӨСБ кезекші қызметі, 6 адам және 1 бірлік техника жұмылдырылды.

ӨТО кезінде іс-әрекеттерді теориялық және тәжірибелік жетілдіру  азаматтық қорғау құрамалары мен қызметтерінің кәсіби дағдыларын арттыруға мүмкіндік берді.

 

Астана қаласы ТЖД «ӨСжәне АҚЖҚ» ММ



 
Система Orphus