Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты «Болашаққа көзқарас: әлеуметтік сананы жаңғырту

«Болашаққа көзқарас: әлеуметтік сананы жаңғырту

PDF Баспаға жіберу
03.05.2017 13:17

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде жеке құрамның Түрік этномәдени орталығының төрағасы, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі Аскер Алавердиұлы Пириевпен  кездесу өтті.

Кездесу барысында Аскер Пириев, «Мәңгілік ел» патриоттық  идеясының   жалпыұлттық контекстінде  қазақстандық құндылықтар туралы, сонымен қатар тарихи естелік пен жалпы тарих негізінде қазақстандық  бірлік пен ынтымақтастықты  дамыту мен  нығайту қажеттігіне тоқталып өтті.

«Жаңа кезең өзгерісі аясында Қазақстанда жаңару және үздік жаңа идеялар  арқылы келешек құрудың бірегей тарихи мүмкіндігі бар. Уақыт тоқтамайды,  сонымен  жаңғырту да тарих секілді -  үздіксіз үрдіс»   - деп А.А. Пириев мемлекет басшының сөзін келтірді.

Кездесу рухани әрі дұрыс сана-сезімді дамыту, Қазақстанның көп ұлтты  халқының  мәдениеті мен тарихына құрмет,  ҚР Президенті Жолдауының негізгі бағыттарын жүзеге асыруға ықпал ететін қоғамдағы келісім мен  бірлікке, патриоттыққа және азаматтардың толеранттығына ұмтылу жайында ой қозғау мақсатында өткізілді.


Астана қаласы ТЖД КЖБ


 
Система Orphus