Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Елордада «Сарыарқа» ауданының оқушыларының қатысуымен «Жас құтқарушы» жарыстары өтті

Елордада «Сарыарқа» ауданының оқушыларының қатысуымен «Жас құтқарушы» жарыстары өтті

PDF Баспаға жіберу
04.05.2017 09:11

Мамырдың 4 күні құтқарушы қызметінің имиджін көтеру мақсатында, Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ-нің №5 МӨСБ-нің спорт кешенінде Сарыарқа ауданы оқушыларының қатысумен «Жас құтқарушы» жасағының өрт-құтқару спорты бойынша іріктеу жарыстары бастау алды.

Жарыстардың басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында азаматтық міндетті арттыру, белгілі бір төтенше жағдайларда:  өрт, апаттар кезінде жедел әрекет етулерін нақыштау болып табылады. Себебі аталмыш жағдайларда балалардың дене шынықтыру дайындықтары маңызды. Осы сынды іс-шаралар жыл сайын ұйымдастырылатынын атап өту керек.

Жарыстарға өрт-құтқару спорты бойынша 4 негізгі жарыс енгізілді: өрт сөндірушілердің арнайы киімдерін кию, арнайы баспалдақпен екінші қабатқа міну, 100 метрлік кедергілері бар жолдардан өту және медициналық конкурс. Барлық нормативтерде белгіленген уақытты ұстану ғана емес, тапсырмаларды дұрыс орындау маңызды болды.

Жарыстарға ауданның 6 тобы қатысты. Іс-шараның қорытындылары бойынша бірінші орынды екінші жыл қатарымен тек Сарыарқа ауданы бойынша ғана емес, басқа да жарыстарда көзге түскен  № 20-шы орта мектеп құрамасы қанжығасына байлады.  Құрметті екінші орыннан № 19 орта мектеп оқушылары көрінді. Ал № 3 мектеп гимназия құрамасы үшінші орынды қанағат тұтты.

Ал ең үздік шығарма номинациясы бойынша Мусайбекова Томирис жеңімпаз атанды. «Үздік сурет» номинациясы бойынша жеңіс тұғырынан № 56 мектеп-лицейдің оқушысы жеңіп алды.

Сорт жарыстарының қорытындылары бойынша барлық жеңімпаздарға құрмет грамоталары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Жүлделі орындар алған құрамалары «Сарыарқа» ауданының атынан қалалық жарыстарда сынға түседі.

 


Астана қаласы ТЖ Департаменті

«Сарыарқа» ауданының ТЖ Басқармасы


 
Система Orphus