Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Құрметті ардагерлер, әріптестер !

Құрметті ардагерлер, әріптестер !

PDF Баспаға жіберу
05.05.2017 06:49

Астана қаласы «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» Мемлекеттік мекемесінің жеке құрамы және өз атымнан Сіздерді, Отан Қорғаушылар күнімен және өшпес ерлік пен қаһармандықтың мерекесі – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – туған жерді, Отанды шынайы қастерлеуді паш еткен ең ұлық күн, халқымыздың беріктігі мен қайсар рухының белгісі. Ұлы Жеңіске ержүрек халқымыздың өжеттігі мен бірлігінің арқасында қол жетті. Өткенсіз бүгінгі күн жоқ, Ұлы Отан соғысы – Бұл біздің тарихымыз. Бүгінгі Тәуелсіздігіміз, еліміздің өркендеуі – осынау Ұлы Жеңістің жалғасы.

Отан қорғаушылар жасаған ерліктер мәңгілік және уақыт ағысымен жоғалып кетпейді. Сол бір қаһарлы соғыс жылдары алыстаған сайын оның маңызын біз ерекше ұғына түсудеміз. Жарқын мереке күні біз бейбіт күн мен тыныштық сыйлаған қаһармандардың құрметіне басымызды иіп, соғыс және еңбек майдандарында Ұлы Жеңіске өз үлесін қосқан барлық қазақстандықтарды асқан ризашылықпен еске аламыз.

Осы ретте еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға құт-береке, дендеріңізге саулық, мол бақыт және ұзақ ғұмыр тілеймін!

Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығы

азаматтық қорғау полковнигі Р.М. Ильчубаев


 
Система Orphus