Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Елорда құтқарушылары Автобус паркіндегі шартты өртті сөндірді

Елорда құтқарушылары Автобус паркіндегі шартты өртті сөндірді

PDF Баспаға жіберу
12.05.2017 13:30

11 мамырда Астаналық өрт сөндіру қызметі   «№1 автобус паркі» АҚ-да гарнизондық өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізді.

Оқу-жаттығудың шарты бойынша жөндеу блогының айналым материалдар қоймасында электр желілердің қысқа тұйықталуы нәтижесінде сөрелерде жатқан қосалқы бөліктерінің ары қарай іргелес жатқан бөлмелерге және тұрақта тұрған автобустарға таралуымен өрттің жануы орын алды. Оқу-жаттығу барысында қызмет көрсету персоналының өрт сөндіру бойынша бастапқы іс-қимылдары, адамдардың, автобустардың және материалдық құндылықтардың сыртқа шығарылуы, бірінші және келесі ӨСЖ өрт сөндіруге басшылық ету, өртте жедел штабтың, тылдың және жауынгерлік учаскілердің жұмысы пысықталды.

Оқу-жаттығудың мақсаты өрт сөндіру бөлімшелерінің объектке қызмет көрсетуші қызметкерлерімен шартты өрт сөндіру, адамдардың, техниканың және материалдық құндылықтарды сыртқа шығару бойынша өзара әрекеттесуі жаттықтырылды..

Барлығы оқу-жаттығуға өрт сөндіру қызметінің 7 бірлік өрт сөндіру техникасы және 30 бірлік жеке құрамы жұмылдырылды. Өзара әрекеттесу шеңберінде жаттығуға «Апаттар медицинасы орталығы» ММ, «Орталық өңірлік аэромобильдік жедел-құтқару жасағы» ММ, «Астана АЭК» АҚ, жол-патрульдік полициясының экипаждары тартылған.

 

Астана қаласы ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ


 
Система Orphus