Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Елордалық гарнизон жеке құрамының жүргізушілерімен сабақ өткізілді

Елордалық гарнизон жеке құрамының жүргізушілерімен сабақ өткізілді

PDF Баспаға жіберу
15.05.2017 14:13

2017 жылдың 11 мамырында Алаш тас жолы бойында орналасқан автодромда Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ өрт сөндіру техникасы және жабдықтары бөлімшесімен гарнизонның  4 бірлік автотехникасын жұмылдырумен бір жылдан және одан кем жұмыс өтілімі бар  22 қызметкерлер көлемінде гарнизонның жүргізушілер құрамы арасында жүргізу дағдыларын жетілдіру бойынша дәрістер ұйымдастырылып өткізді. 

Дәрістің бірінші бөлігінде автокөлікті жүргізу бойынша негізгі кезеңдер теориялық жеткізілді, әр жүргізушімен қиылыспалы жерде торапты ауыстыру бойынша дағдыларды бекіту мақсатында автодромның топырақты жерінде жүргізудің тәжірибелік машықтары орындалды (жылдамдықты ауыстыру кезінде ажыратқышты  қос сығымдау, жоғары берілістен төменгі беріліске ауыстыру кезінде қозғалтқышты қатты газдау).

Дәрістің екінші бөлігінде зейіндікті, реакцияның шапшаңдылығын дамыту, қиын жағдайда таңдалған шешімнің дұрыстығы үшін жүргізушілер құрамымен жұмыста кездесетін жағдайды максималдық жақындатуды ескере оңтайландыру фигураларымен жүргізу бойынша жаттығулар өткізілді: тар жолдарды, тығыз тұрақтарды еліктететін – жеңіл автокөліктердің макеттері орнатылды; «сорап»;  «жылан» алға және кері жүру; автокөлік көлемінің габариттері қатысында минималдық шекпен тұраққа кері жүріспен кіру; машинаның сорапы бойынша ең төмен өлшемімен «эстакадаға шығу»; шектеулі ауданда (шеңберді орындау) бұрылыс жасау.

Бұндай сабақтар жүргізуші құрамның жол қозғалысы ережелерін білу деңгейі мен сапасын айқындау үшін, ТЖ мен өрттерге ден қою бойынша өрт сөндіру бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігін анықтау мақсатында өткізіледі.

 

Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ



 
Система Orphus