Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астана қаласында Крещендік суға түсу төтенше жағдайсыз өтті

Астана қаласында Крещендік суға түсу төтенше жағдайсыз өтті

PDF Баспаға жіберу
21.01.2014 07:44

18 қаңтар күнгі 21.00-ден  20-қаңтар күнгі түнгі сағат 2-ге дейін Астана қаласы ТЖД күшейтілген режимде жұмыс істеді. Құтқарушылар төтенше жағдайды болдырмады. Арнайы ойықтардың жанында   сүңгуір құрылғыларымен жабдықталған, жедел көмек көрсету үшін құтқару құралдарымен толықтай жабдықталған екі ауысымда жұмыс істейтін сүңгуір-құтқарушылар мен медбикелері бар Суда-құтқару қызметінің 2 жедел көлігі кезекшілік етті. Посттардың жұмысын қадағалау мақсатында 1 қарда жүретін арнайы көлек қарастырылды.

Орталық құтқару станциясында әрдайым екі топтан тұрған резервтік құтқарушылар кезекшілік атқарды. Суға түсушілер үшін ойықтардың жанында қосымша нұсқаулықтар берілді. Құтқару қызметі бұл күндері ІІД, денсаулық сақтау басқармасының «103» қызметі мен ҚР ТЖМ апаттар медицина орталығының медицина қызметімен бірлесіп жұмыс істеген болатын.

Естеріңізге сала кетсек, Астана қаласы әкімдігімен арнайы 3 ойық жасалғн болатын – бірі «Гранд Астана» ТК мен Оқушылар сарайының маңында, қалған екеуі – Есіл өзенінің жағасындағы саябақ маңында ( «Самал» ш-а қарама-қарсы). Барлық ойықтар қажетті құрылғылармен жабдықталған болатын – ағаш ұстағыштар, 1,5 метрлік тереңдікте орналасқан арнайы торшалар орнатылды.

Астана қаласы ТЖД-нің баспасөз қызметі


 
Система Orphus