Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Елордалық ТЖ Департаментінде су шомылу кезеңіндегі қауіпсіздік жайында кеңес өтті

Елордалық ТЖ Департаментінде су шомылу кезеңіндегі қауіпсіздік жайында кеңес өтті

PDF Баспаға жіберу
19.05.2017 04:34

16 мамыр күні Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде Астана қаласы ТЖД бастығының орынбасары полковник М. Т. Аманбаевтың төрағалығымен 2017 жылдың жаз кезеңінде көпшілік суға шомылатын орындарда және қала су айдындарының және өзге де демалыс объектілерінде құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі бойынша жиналыс өтті.

Жиналысқа қала қызметінің өкілдері, Департаменттің құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ «ОӨАЖҚЖ» құтқарушылары мен ҚР ІІМ ТЖК «АМО» дәрігерлері шақырылды.

Жиналыс шеңберінде төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Э. А. Раимбеков қызмет өкілдеріне Астана қаласы әкімінің орынбасарымен бекітілген іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ 2017 жылғы суға шомылу кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар туралы ақпараттандырды.

Жиналыс барысында «ОӨАЖҚЖ» бастығы О.С. Даутов, Астана қаласы ЖПҚ, «Есіл Астана» МКМ және Астана қаласы Қызыл Ай қоғамының өкілдері тыңдалды.

Сонымен қатар, суға шомылу кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспары  шеңберінде Департамент Астана қаласы Қызыл Ай қоғамының еріктілермен «Біз судағы қауіпсіздік үшін» ауқымды акциясы жоспарлануда.

Жиналыс қорытындысы бойынша Департамент бастығының орынбасары бөлімшелер мен жұмылдырылған қызметтерге судағы өзін-өзі ұстау ережелері туралы халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жандандыру бойынша тапсырма берді.

 

Астана қаласы ТЖД ТЖЖБ


 
Система Orphus