Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астаналық құтқарушылар жолда қалған адамдарды қар құрсауынан құтқаруда

Астаналық құтқарушылар жолда қалған адамдарды қар құрсауынан құтқаруда

PDF Баспаға жіберу
21.01.2014 00:00

Астана қаласы ТЖ Департаменті жолдарда құтқару жұмыстарын жүргізуде. Қаңтардың 21-і күні түнде, ауа-райының қолайсыздығына байланысты, Астана-Қостанай тас жолында Семеновка елді мекенінің маңындағы автокөлік көпірінде 30 жеңіл және жүк көлігі тұрып қалған. «Қыс мезгіліндегі әрекет ету жоспарына» сәйкес, шақырту орнына жеке құрамның 12 адамы, 2 техника бірлігі жіберілген, оқиға орнында Ақмола облысының «ӨС және АҚЖҚ» ММ-нің бөлімшелері қызмет етіп жатқан.

Бұдан бөлек, Астрахан тас жолында қар құрсауында 10 жеңіл, КАМАЗ маркалы 5 жүк автокөлігі, 2 газель, 1 DAEWO автобусы, 1 УАЗ, 1 ЗИЛ және 32 адам қалған. Оларды құтқаруға 01-46 минутта 3 техника бірлігі мен Астана қаласы ТЖ Департаменті бөлімшелерінің 3 техника бірлігі мен жеке құрамның 12 адамы жіберілген. Ауа-райының қолайсыздығы, желдің күшітілігі мен көрінудің төмендігіне қарамастан адамдар қауіпсіз жерге көшірілді. Автомобильді техника қалаға таңғы сағат 05-00-де жетті.

Сонымен қатар, ОААЖҚО күштерімен де адамдарды қауіпсіз жерге көшіру жүзеге асырылды. Астана-Қостанай бағыты бойынша 7 адам және Астана-Қорғалжын бағыты бойынша 16 адам қауіпсіз жерге көшірілген.

20-21.01.2014ж. аралығында Астана қаласы ТЖ Департаменті горнизонының күшімен қар құрсауынан 55 адам құтқарылып, олардың 3-і балалар және 20 автокөлік шығарылған. Ақмола облысы ТЖД-нің «ӨС және АҚЖҚ» ММ 23 адам мен 11 техниканы қауіпсіз жерге көшіру бойынша көмек көрсетілді.

Қымбатты Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары! Астана қаласы ТЖ Департаменті ескертеді, қаңтардың 21-і күні Астана қаласында бұрқасын болып, оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 17-22 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Астана қаласы ТЖД-нің баспасөз қызметі


 
Система Orphus