Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Елордалық Департамент «ЕХРО-2017» халықаралық мамандандырылған көрме аумағында кешенді оқу-жаттығуды өткізді

Елордалық Департамент «ЕХРО-2017» халықаралық мамандандырылған көрме аумағында кешенді оқу-жаттығуды өткізді

PDF Баспаға жіберу
19.05.2017 06:12

Ағымдағы жылдың 17 мамырында Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Марғұлан Топашұлы Аманбаевтың басшылығымен, «ЕХРО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінде РХ қорғанысты ұйымдастыру» тақырыбымен Астана қаласы Азаматтық қорғанысының зертханалық бақылау және қадағалау желісін жұмылдыра отырып кешенді оқу-жаттығу өтті.

Оқу-жаттығудың мақсаты басшы құрамның, құралымдардың, персоналдың және объектінің тұтас алғанда радиациялық және химиялық сипаттағы ТЖ салдарын жою жұмысында жоғары үйлесімдігіне қол жеткізу.

Жаттығуға 13 қалалық  мекемелер мен ұйымдар қатысуға жұмылдырылды, оның ішінде: ҚР ҚК Арнайы әскерлер бас басқармасы, 68665 әскери бөлімі, Ішкі істер департаменті, Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, Экология департаменті, ҚР ІІМ ТЖК «Орталық өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағы» (Астана қаласы бойынша), «Сараптау ұлттық орталығы», «Фитосанитария», «Қазгидромет», Ядролық физика институты және басқалар.

Оқу жаттығу 3 кезеңмен өтті, бұл: 1 және 2 кезеңдер - «Радиациалық және химиялық оқиғалар туындаған кезде персоналды, қонақтарды қорғауды қамтамасыз ету және объектінің жұмыс істеу тұрақтылығының жөніндегі іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру, Қаланың азаматтық қорғанысының зертханалық бақылау және қадағалау желісінің басқару органдарының жоғары әзірлікке келтіру» және 3 кезең «Кешенді оқу-жаттығудың қорытындыларын шығару».

Оқу-жаттығу шеңберінде елордалық құтқарушылар мен қала мүдделі қызметтерінің радиациалық және химиялық қауіп-қатерлерге ден қою сценарийлері пысықталды. Бұл оқиғаларды өңдеу кезінде Көрменің Бас операциялық орталығы, Көрме қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығының байланыс және шешімдер қабылдау тәртібі, сонымен бірге штаттан тыс жағдайлардың шешілуіне тартылған қалалық қызметтер мен азаматтық қорғау құралымдарының іс-әрекеттері тестіленді. Оқиғаға қатысты мәселелерді шешу мен қосымша күштер мен құралдарды тартуды Көрме Қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығына кезекшілікке түскен елордалық Департаменттің қызметкерлері жүзеге асырды.

Тұтас алғанда, оқу-жаттығу азаматтық қоргау қызметтері және құрамаларының Көрмені өткізу уақытында штаттан тыс жағдайларға жедел ден қоюға дайындығын көрсетті.

 

Астана қ. ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері

капитан А.Ж. Габдуллин


 
Система Orphus