Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Судағы қауіпсіздік

Судағы қауіпсіздік

PDF Баспаға жіберу
19.05.2017 06:49

Астана қаласы ТЖД «Сарыарқа» ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы суға түсу маусымы басталуына байланысты бала өлімін болдырмау мақсатында  жаз мезгілінде су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында бағытталған жұмыс жүргізуде.

Бұл мерзімдік басылымдарда мақалалардың жариялануы, үгіт-насихаттық жадынамалардың дайындалуы.

Сонымен қатар, Оқушылар сарайында Басқарма қызметкерлері ағымдағы жылдың мамыр айында мектеп директорлары мен мектепке дейінгі мекемелердің қауіпсіздікке жауаптыларына  су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері туралы дәріс өткізді, сондай-ақ, 16 мектепте судағы жүріс-тұрыс тәртібі мен суға бату кезінде алғашқы көмек көрсету туралы сабақ өткізіліп, оған 1670 адам қамтылды.

Ағымдағы жылдың мамыр айында Басқарма қызметкерлері, Астана қ. ІІД ЖПҚ өкілдерімен бірлесе отырып, «Сарыарқа» ауданының аумағындағы барлық су қоймаларын аралады.

Оған қоса, Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы аумағында суға шомылуға тыйым салынған орындар анықталды, осы ретте ағымдағы жылдың 18-мамырында «Шомылуға тыйым салынады» тыйым салу белгілері орнатылды, белгілердің  жалпы саны 10 бірлік.


Астана қаласы ТЖД «Сарыарқа» ауданы ТЖБ


 
Система Orphus