Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астаналық ТЖ департаменті суда абай болуды ескертеді!

Астаналық ТЖ департаменті суда абай болуды ескертеді!

PDF Баспаға жіберу
22.05.2017 12:59

Шомылу маусымы басталу қарсаңында ағымдағы жылдың 18 мамырында Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайларды жою бөлімінің қызметкерлері №63 мектеп-лицейі және №26  «балабақша – бастауыш мектеб» оқу кешенінің оқушыларына «Судағы балалар қауіпсіздігі» тақырыбында  дәріс өткізді.

Дәріс барысында су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері және судағы қауіпсіздік тәртібін сақтау мәселелері қаралды, суға кеткендерді құтқару және  алғашқы медициналық көмек  көрсету туралы түсіндірілді.

Сонымен, балаларға су айдындарындағы негізгі қауіпсіздік талаптары мен қағидаларына назар аудару қажет,  оның ішінде келесілерге:  қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, сонымен қатар осы мақсаттарға арналмаған жарақтардан суға секіруге, тексерілмеген және жабдықталмаған орындарда сүңгуге, жүзу шегінен аспау үшін қойылған белгілерден асып жүзуге, жүзуге арналмаған заттарды пайдалануға, техникалық және ескерту белгілерін асып жүзуге, балалардың ересек адамдарсыз суға шомылуына тыйым салынады.

Бүгінгі таңда Астана қаласында екі ресми шомылу орны бар - астаналық саябақ жанында және  Көктал-1 тұрғын алабы ауданында  орналасқан демалыс базасындадағы жағажай.  Мұндай мамандандырылған орындарда балаларға бөлек жабдықталған суға шомылу орындары бар. Осы аумақтарда әрқашан құтқарушылар бар, олар кез-келген минутта жедел және жылдам көмек көрсете алады. Сондай-ақ қазіргі уақытта 17 бірлік жүзу құралы және суда құтқару станциясының 11 сүңгуір-құтқарушылары әзірлікте.

Әр ата-ана судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қауіпті орындар мен су айдындарының ерекшеліктерін білуі керек,  мұндай жабдықталмаған жерлерде тас, батқан бөрене, темір тілімдер,  шыны және басқа да қауіпті заттар болуы мүмкін.

 

Астана қаласы ТЖД ТЖЖБ


 
Система Orphus