Қалыпты нұсқасына көшу Тіл: Қазақша Русский 

Басты АНОНС!!!!

АНОНС!!!!

PDF Баспаға жіберу
22.05.2017 13:02

Жаз маусымы басталысымен-ақ көптеген демалушылар табиғат аясына демалыстарды ұйымдастырады. Алайда, мұндай демалыстарда адамдардың абайсыздықтары мен немқұрайлықтарынан күрделі өрттер туындап жатады.

Осы ретте, жаз кезеңінің басталысымен Астана қаласы аумағында құрғақ шөптер мен қамыстардың өртенулері орын алып жатыр. Ағымдағы жылдың басынан бері құрғақ шөптер мен қамыстардың өртенуіне байланысты 96 рет шығу тіркелді. Жанудың жалпы аумағы 96 318 шаршы метрді құрады.

23 мамырда Астана қаласының «Жасыл белбеуінде» «Орман-дала өрттерін сөндіру» тақырыбында өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді. Оқу-жаттығу барысында шартты өрт (жанумен бірге) сөндірілді. Гарнизонның жеке құрамы Өрт сөндіру қызметінің жедел әрі сапалы жұмыс атқаруын көрнекі түрде  көрсететін болады. Өрт сөндіру КА-32 тікұшағының көмегімен сөндірілетін болады.

Оқу-жаттығуларға КА-32 тікұшағы, 25 бірлік техника мен  жеке құрамнан 80 адам жұмылдырылады.

Өтетін мерзімі: 2017 жылдың 23 мамыры

Жиналу орны: Бейбітшілік көшесі, 22. Сағ. 10.00-де

Өткізу орны: Қарқаралы Тас жолы бойымен 5 км (Қосшы кентіне қарай)

Тел.55-96-60 баспасөз қызметі

8701-514-0706 Аягөз