Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты «101» өрт сөндіру қызметінің диспетчерлік құрамы психологиялық жеңілдену бөлмесіне барып қайтты

«101» өрт сөндіру қызметінің диспетчерлік құрамы психологиялық жеңілдену бөлмесіне барып қайтты

PDF Баспаға жіберу
24.05.2017 06:33

Ағымдағы жылдың 22 мамырында «Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығы» 16-мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің базасындағы психологиялық жеңілдену бөлмесіне барды.

Сабақты тәжірибелі психолог азаматтық қорғау аға лейтенанты Анар Мукушева өткізді.  КҚЖБО жеке құрамы толық көлемде сабаққа қатысты, себебі дәл осы «101» диспетчеріне – ұстамды, психологиялық тұрақтылыққа ие болу қажет.

Психолог Анар Мукушеваның «101» өрт қызметінің диспетчерлік құрамымен жұмысының негізгі мақсаты өзін-өзі реттеу дағдысын қалыптастыруға бағытталды: бұлшықет релаксациясы, тыныс алу гимнастикасы, аутогендік жаттығу. Өрт қызметі диспетчерлерінің психологиялық оңалту – өте маңызды, себебі олар атқаратын толық көлемде берілуді, максималды физикалық және эмоциялық күш салуды талап етеді, сондықтан да мамандардың денсаулығын сақтап қалу және олардың кәсіби көп жылдығын барынша ұзарту аса маңызды. Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығын оңалту бойынша психологиялық іс-шаралардың өткізілуінен басқа психологтың алдында тағы бір аса маңызды міндет тұр – қызметкерлердің өзінің денсаулығын сақтауға жоғары ынтасын қалыптастыру. Қызметкердің денсаулығы - оның кәсіби құралы екенін әркім білуі және есте сақтауы қажет.

Психолог Анар Мукушева КҚЖБО қызметкерлерімен жұмыс барысында жағымды психологиялық және физиологиялық жағдайды өзгертіп, бұл ретте  қызметкерлерде жиналып қалған шаршау, күйзелу және қауырттылықтан арылтты.

Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ психологиялық қызметі әрдайым өзінің шеберлігін арттырады, жүктелген маңызды тапсырмаларды шешеді және әрқашан көмекке келуге дайын!


Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ



 
Система Orphus