Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астана қаласындағы «Қазақстан» спорт сарайында өрт-техникалық оқу-жаттығу өтті

Астана қаласындағы «Қазақстан» спорт сарайында өрт-техникалық оқу-жаттығу өтті

PDF Баспаға жіберу
30.01.2014 00:00

30 қаңтарда Мұңайтпасов көшесі №9 мекен-жайы бойынша орналасқан «Қазақстан» спорт сарайында (сиымдылығы – 5532 орын) шартты өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті.

Жоспар бойынша сағат 15:00-де кешеннің әкімшілігі оқиға орын алғаннан соң, «101» телефоны бойынша өрт сөндіру қызметіне хабарлаған.  Мұздатқыш бөлігіндегі қысқа тұйықталудың салдарынан электр сымдары зақымданып, өрт шыққан. Жанғыш заттардың отқа орануы салдарынан, қалың түтін тарала бастаған. Салдарынан өрт екі жаққа тарала бастайды. Бұдан соң, өрт дабылы іске қосылады.

Өрт-тактикалық оқу-жаттығуларының мақсаты аталған нысанда шартты өрт сөндіруді ұйымдастыру мен жүргізу бойынша басшылықты және қатардағы жеке құрамды тәжірибе жүзінде машықтау, сонымен қатар өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің қаланың баска да қызметтерімен, нысанның қызметкерлерімен өзара әрекеттесуді жүйелеу, адамдар көп баратын нысандарда  құтқару жұмыстарын жедел жүргізуге дайын болу болып табылады.

Аталмыш шараға   13 бірлік техника мен жеке құрамның 65 адам қатысты. Өрт сөндіру қызметі жеке құрамынан 45 адам және 9 арнайы өрт сөндіру техникасы, ЖМЖО жеке құрамынан 4 адам және 1 арнайы өрт сөндіру техникасы, РЖҚЖО жеке құрамынан 4 адам және 1 арнайы өрт сөндіру техникасы, ІІД жеке құрамынан 10 адам және 1 арнайы өрт сөндіру техникасы, АРЭК АҚ жеке құрамынан 2 адам және 1 арнайы өрт сөндіру техникасы.

Бөлімшелер алдында қойылған тапсырмалар жетістікпен орындалды, жаттығу нәтижесінде шартты өрт сөндірілді. ӨТЖ өткізілуі бойынша қызмет еткен бөлімшелерге кемшіліктер айтылмады.

Астана қаласы ТЖМ баспасөз қызметі


 
Система Orphus