Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Анонс!!!

Анонс!!!

PDF Баспаға жіберу
30.05.2017 11:08

1 маусымнан бастап шомылу кезеңі басталатаны бәріне мәлім. Жыл басталғаннан бері қанша адам көз жұмды, судағы өлімнің негізгі себептері қандай, судағы адам өлімін болдырмау үшін қандай профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Бұл сұрақтар жауабын «Біз судағы қауіпсіздік үшін» атты кең ауқымды акциясы аясында біле аласыздар. Аталған акцияны Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті және Қызыл жарты ай еріктілерімен бірге өткізеді.

Акция барысында суға батып бара жатқан адамды құтқару және зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша құтқарушылар мен еріктілер көрсетілім жасайды. Бұдан басқа,  акцияға қатысушылар жүзу маусымы тақырыбы  бойынша 200-ге жуық жас ұл балалар мен қыз балалардың қатысуымен флешмоб өткізеді.

Өткізу мерзімі: 2017 жылдың 1 маусымы сағат 11:00.

Өтетін орны: Тұран даңғылы 2/1 Суда құтқару станциясы (Сарыарқа көпірі,  «Арман» СҮ қарама-қарсы сол жағынан)

Телефон:

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі

55-96-60, 8701-514-07-06

Аягөз Фазылова


 
Система Orphus