Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астаналық өрт сөндіррі қызметінде сыбайлас жемқорлықты алдын-алуда дөңгелек үстел өтті.

Астаналық өрт сөндіррі қызметінде сыбайлас жемқорлықты алдын-алуда дөңгелек үстел өтті.

PDF Баспаға жіберу
01.06.2017 04:13

Ағымдағы жылдың 30- мамырында Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес" атты тақырыбында «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалының өкілі Серік Нүсіпұлы Кульбаев, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің өкілі Камалидин Зиндайұлы Жақпаровтың және Астана қаласы ТЖД  «ӨС және АҚЖҚ» ММ бөлімшелер басшыларының қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді. Ұйымдастырылған іс-шараның негізгі мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасын іске асыру және  "Қазақстан-2050" Стратегияның мақсаттарына қол жеткізу, ол тек сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес жүргізу.

Дөңгелек үстел барысында шақыртылғандар бейнематериалдарды көрсету сүйемелдеуімен баяндамалармен сөз сөйледі. Содан кейін, Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бөлімшелер басшыларымен интерактивті әңгіме өтті.


Астана қаласы ТЖД

«ӨС және АҚЖҚ» ММ

Кадрлық жұмыс бөлімі


 
Система Orphus