Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Шомылу маусымы кезіндегі өзін-өзі ұстау тәртібі туралы «Қазақ радиосының» тікелей эфирінде

Шомылу маусымы кезіндегі өзін-өзі ұстау тәртібі туралы «Қазақ радиосының» тікелей эфирінде

PDF Баспаға жіберу
01.06.2017 05:36

Ағымдағы жылдың 31 мамырында Астана қаласы ТЖ департаменті төтенше жағдайларды жою бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау капитаны Бағлан Аманкелдіұлы  Абдрасыл «Қазақ радиосының» тікелей эфирінде «Заң тәпсір» бағдарламасында суға түсу маусымы кезіндегі қауіпсіздік ережелері, суға батып бара жатқан адамды құтқару және оған алғашқы медициналық көмек көрсету тақырыбында сөз сөйледі.

Хабар жүргізушісі Базарбай Ерісұлы суға түсу маусымы кезіндегі негізгі қауіпсіздік ережелері мен Астана қаласы бойынша статистика мәліметтеріне байланысты сұрақтар қойды. Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бас маманы көбінесе судағы оқиғалар адамдардың өзіне-өзі сенуі, өз күші мен мүмкіндіктерін асыра бағалауы, судағы қарапайым жүріс–тұрыс қағидаларын сақтамағанынан орын алатындығын тілге тиек етті.

Сұхбат барысында Б. Абдрасыл Төтенше жағдайлар департаментінің қазіргі таңда азаматтардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды жүргізіп жатқандығын айта кетті.

Сонымен бірге,  ағымдағы жылдың 1 маусымында Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті және «Қызыл Ай» қоғамының еріктілерімен, Астана қаласының студенттері және оқу орындарының оқушыларымен бірлесіп өткізетін, «Біз судағы қауіпсіздік үшін» ауқымды профилактикалық акциясына қала тұрғындары мен қонақтарын қатысуға шақырды.

Сұхбат қызықты әрі мазмұнды өтіп, тыңдарман қауымы үшін қажетті болатын сұрақтар қамтылды.

Астана ТЖД ТЖЖБ


 
Система Orphus