Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астаналық құтқарушылар «Біз судағы қауіпсіздік үшін» атты акциясын өткізді.

Астаналық құтқарушылар «Біз судағы қауіпсіздік үшін» атты акциясын өткізді.

PDF Баспаға жіберу
01.06.2017 10:55

Ағымдағы жылдың 1 маусымында Астаналық жағажайда Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Орталық аймақтық -аэромобильді жедел құтқару жасағымен және Қызыл ай еріктілерімен бірлесе 200  студенттер мен мектеп оқушыларымен «Біз судағы қауіпсіздік үшін» атты акциясын өткізді.

Жаз  белсенді демалыс маусымы: судың жанында табиғат аясында немесе жағажайда демалу. Суға кетумен байланысты қайғылы жағдайлардың басым бөлігі де жазда орын алады. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, жыл сайын Астанада 14-25 адам суға кетіп қайтыс болады, соның ішінде балалар мен жасөспірімдер.  Адамдардың 70%  ішімдік ішкендер болып табылады.  Суға батып қайтыс болғандардың  98%  шомылуға жабдықталмаған тиым салынған жерлерде болған. Суға шомылатын жағажайда да суға шомылу ережелерін сақтау керек. Ыстық күндері суға шомылушылардың саны 1000-ға дейін жетеді.  Сондықтан адамдардың суда қауіпсіз демалуы өздеріне және «Суға шомылу ережесін» орындауға байланысты.

2016 жылы Астана қаласы аумағында  суға батып қаза болғандар саны 14 адамды құрады, оның үшеуі балалар. 2017 жылы шомылу маусымы басталмай жатып 5 адам суға кетті.

Акция шарттары бойынша еріктілер үш топқа бөлінді.  Оларды АОАЖҚЖ (Орталық аймақтық -аэромобильді жедел құтқару жасағы) құтқарушылары, ОМК (орталық медицина катастрофа) қызметкерлері және Департамент психологымен бірге Есіл өзені жағалауында «Біз судағы қауіпсіздік үшін» атты лозунгбен, судағы қауіпсіздікті сақтау жөніндегі  парақшаларын таратып  жаяу жүріп өтті.  Барлық топ астаналық жағажайда 200-ге жуық жас ұл балалар мен қыз балалардың қатысуымен судағы қауіпсіздік тақырыбында флешмоб өткізді.

Акция барысында суға батып бара жатқан адамды құтқару және зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша құтқарушылар мен еріктілер көрсетілімі көрсетілді.

Флешмоб соңында белсенділерге Департамент атынан алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді.

Суда шомылу ережесін сақтаңыздар:

-  Жүзгенде буйдан шығып кетпеңіздер.

- Мас күйде шомылуға болмайды. Естеріңізде болсын: суда болатын қайғылы жағдайлардың 70% осының себебінен болады.

- Шомылуға жабдықталмаған және тиым салынған орындарда шомылмаңыздар.

-  Шомылу барысында камера, доп, ағаштарды пайдаланбаңыздар.

- Жүргінші және көлік көпірінен суға сүңгімеңіздер.

-  Бейтаныс жерлерде шомылмаңыздар.

Астана қаласы ТЖД


 
Система Orphus