Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Жазғы мезгіл табиғатта демалатын кез келді.

Жазғы мезгіл табиғатта демалатын кез келді.

PDF Баспаға жіберу
23.06.2017 04:38

Астана қаласы "Сарыарқа"ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы  суға түсу маусымы басталғаннан бері адам өлімін болдырмау мақсатында су қоймаларында адамдардың, сондай-ақ, алдағы күндері ауа температурасы +380 артатынын ескере отырып жекелеген өңірлерінде және жаз мезгілі кезіндегі судағы қауіпсіздік ережелерін алдын алу  бойынша жұмыстар жүргізуде.

Маусым айынан бастап мектеп жанындағы лагерлерде судағы ережелерді сақтау бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде, бүгінгі күні 19 және 22 маусым аралығында 11 мектепте жалпы саны 715 адам қамтылды, бұнда балалармен әңгімелер жүргізіліп, жадынамалар таратылды .

Өткізілген дәрістер барысында балаларға түрлі   суда қауіпсіздік шаралары туралы бейнероликтер көрсетілді, сондай-ақ судағы қауіпсіздік ережелері туралы  түсініктемелер берілді.

Дәрістен кейін белсене қатысқан балалармен "Сұрақ-жауап" әдісімен әңгіме жүргізді, мектептердің ақпараттық стендтерінде үгіт-насихат материалдары орналастырылды.

Сонымен қатар, "Арсенал" кинотеатрында күн сайын судағы қауіпсіздік шаралары туралы, "Мечта" СҮ сауда залында, темір жол және автовокзалдарда, Республика даңғылы, 43 Халыққа қызмет көрсету орталығында және Астана қаласы айналымындағы Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету Ооталығында  бейнероликтер жүргізілуде.



Астана қаласы ТЖД «Сарыарқа» ТЖБ


 
Система Orphus