Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Аймақтық ТЖД басшылары Елорданың мәдени ошақтарына бас сұқты

Аймақтық ТЖД басшылары Елорданың мәдени ошақтарына бас сұқты

PDF Баспаға жіберу
30.01.2014 00:00

Қаңтардың 30-ы күні аймақтық ТЖД басшылары Астананың бірқатар мәдени ошақтарына бас сұқты. Елорда қонақтары алдымен «Астана - Опера» театырына ат басын тіреген еді. Департамент басшылары театрдың тарихы жайында біліп, ең әсем Үлкен залды тамашалады. «Астана - Опера» мемлекеттік опера және балет театры ҚР Президентініің бастамасымен 2012 жылы ашылған болатын. Өзінің архитектуралық ерекшелігі мен акустикалық және басқа да орасан үлкен мүмкіндіктерінің арқасында, бұл теар дүниежүзіндегі ең үздік театрлардың қатарында. Театрға келушілер, ғимараттың іші сирек кездесетін ағаш пен ақ мәрмәрмен безендендірілгенін ерекше атап өтті.

«Астана - Опера»  театрынан соң, қонақтар Тәуелсіздік Сарайына жол тартты. Аталмыш мәдени орында, қонақтар «Наполеон. Аңғызға айналған өмір»  атты көрмені тамашалады.  Аймақтық ТЖД басшылары аты аңызға айналған адамның өмірі мен билік еткен жылдары жайында бірқатар қызықты мағлұматтар алды.   Бұдан бөлек, қонақтарға Наполеон Бонапарттың өмірі жайында сыр шертетін «Наполеон. Аңғызға айналған өмір» атты кітаптар табыс етілді.

Астана қаласы ТЖД-нің баспасөз қызметі


 
Система Orphus