Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астана қаласы ТЖ Департаментінде пластикалық терезелерді орнатудағы қауіпсіздік ережелері талқыланды

Астана қаласы ТЖ Департаментінде пластикалық терезелерді орнатудағы қауіпсіздік ережелері талқыланды

PDF Баспаға жіберу
29.01.2014 00:00

«Қаланың көп қабатты үйлерінде пластикалық терезелерді пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету» көкейкесті мәселесі, қаңтардың 29-ы күні Астана қаласы ТЖД «Алматы» ауданы ТЖБ қызметкерлерінің республикалық БАҚ өкілдерімен дөңгелек үстел ұйымдастыруларына түрткі болды.

2013 жылдың қорытындысы бойынша, Астана қаласында балалардың биіктен құлауы бойынша 10 оқиға тіркелген. Оқиға салдарынан 2 бала көз жұмған.   Жазатайым оқиғалар көбінесе ата-аналарының қарауынсыз қалған, 3 -5 жас аралығындағы балалармен жиі болатындығы анықталып отыр. Статистикалық мәліметтерге сүйінсек, қайғылы жайттардың басым бөлігі  жаңа пластикалық терезелердің москит торларының осал болуы мен ата-аналардың салғырттықтары салдарынан орын алады.

Мәселелерді талқылау мақсатында аудан Әкімшілігі, прокуратура, ІІД, Білім Басқармасы өкілдері мен пластикалық терезелерді өндіруші фирмалардың өкілдері шақырылды.

Пластикалық терезелерді пайдалану бойынша ұсынулар:

  • Үйде кішкентай бала болса, терезелерді ашық қалдырмау. Бұл қателік қараусыз қалған баланың өмірін қиып немес жарақаттануы мүмкін.
  • Көп жағдайда терезелердің москит торлары балалардың салмағын көтере алмай, жыртылып кетеді. Бұндай жағдайларды болдырмау үшін терезенің ойықтарына қорғау жүйесін орнату қажет.
  • Балаларды терезе маңында қараусыз қалдырмау керек.
  • Жиһаздарды терезелерден алыс жерлерде орналастыру керек.
  • Балаларға негізгі қауіпсіздік ережелері жайында айтып, терезелердің маңына мінудің қауіптілігі жайында айтып отыру қажет.
  • Балалар бөлмесіндегі терезелерге қажетті бұйымдарды аса мұқият таңдау. Мәселен, күннен қорғану құралдары, жалюзи және перделер бауларсыз болуы шарт (бала оған шатысып қалып, тұншығып қалуы мүмкін).

Балалардың терзені еркін ашуына кедергі келтіретін қорғау жүйелерін орнату қажет.

Астана қаласы ТЖД-нің баспасөз қызметі


 
Система Orphus