Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Сергей Волошин- «Жеделділік пен нақтылық байланыстың аса маңызды буыны»

Сергей Волошин- «Жеделділік пен нақтылық байланыстың аса маңызды буыны»

PDF Баспаға жіберу
29.06.2017 11:39

Сергей Волошин байланысшы болатынын 1980 жылдарда Кеңес әскерінің байланыс әскеріне түскен кезден бастап түсіне бастаған. Әскери қызметін Тәжікстанда өткерген. Әскерден келген соң бірден туып өскен еліне Қазақстанға келіп, әскер мен флотқа ерікті түрде көмек көрсету қоғамына байланыс жөніндегі инженер болып жұмысқа орналасқан. 1986 жылы Чернобыльден 30 шақырым жерде радиостанса бастығы болып жарты жыл жұмыс жасады.

1988 жылы «Темір-жол көлігіндеге автоматика, телемеханика және байланыс» мамандығы бойынша  Алматы инженерлік-жол көлігі институтын бітірген. 1997 жылдан бастап Сергей Васильевич Өрт сөндіру күзетінің байланыс орталық пунктінде жұмыс жасай бастады және сол жерде лейтенант атағын алады.

Сергей Васильевич он бес жылдан аса уақыт бойына өрт сөндіру қызметінде өз әріптестерімен бірге байланысқа жауап берген.

-       «Біз, өрт сөндіру техникасының барлық түріндегі автокөлік радиостансаларының, тікелей және қала желілерінің техникалық жағдайын бақыладық. Байланыс құралдарының барлығына өз қолымызбен жөндеу жүргіздік»- дейді Сергей Волошин. Байланыс бойынша мамансыз шұғыл ден қою қызметтерінің арасында өзара әрекеттестік жүргізуге болмайды. Тасымалды радиостансалар өрт сөндірушілерге диспетчерлермен байланысу үшін және орын алған жағдайды баяндау үшін қажет. ТЖ немесе қиын жағдайда орын алған  жерде байланыс жүйесінің қалыпты қызмет етуін қамтамасыз етуші маманның жұмысы аса маңызды болып табылады.
2013 жылы өртке қарсы қызмет подполковнигі Сергей Васильевич еңбек сіңірген жылдар үшін құрметті демалысқа шықты. 2016 жылғы дейін еңбек шарты бойынша гарнизонның байланысын реттеу жұмыстарын атқарды. Алайда, әлі күнге дейін байланыс саласында пайда болған жаңалықтарға көз қырын салып жүреді, әрдайым өзінің біліктілік деңгейін арттырып жүреді және жастарға үлгі болуға лайықты тұлға.

-       «Заманауи техникалар жаңа дейгейге көтерілуде, сол сияқты өртке қарсы қызметте де байланыс дамуда»- шағынсызбалар мен транзисторларда жұмыс істейтін жаңа ықшамды радиостансалар пайда болды. Мен үшін байланысшы болу өте қызықты еді»- дейді азаматтық қорғау ардагері.

-       Өзінің еңбек жолында Сергей Васильевич Волошин «Еңбек сіңірген жылдары үшін», «ТЖМ 25 жыл» медалдарымен және алғыс хаттармен марапатталған. 

Зарина Бостанова

Техникалық қызмет және құлақтандыру бөлімі


 
Система Orphus