Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астаналық өрт сөндірушілер ағымдағы жылдың 1 жартыжылдық қорытындысын шығарды.

Астаналық өрт сөндірушілер ағымдағы жылдың 1 жартыжылдық қорытындысын шығарды.

PDF Баспаға жіберу
05.07.2017 11:45

4 маусым күні Астана қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтару жұмыстары қызметі» ММ Департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі М.Қайсановтың қатысуымен 2017 жылдың 1 жартыжылдық қорытындысын шығарды.

Жиналыста «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Р.С.Екишев ағымдағы жылдың 1 жартыжылдық негізгі жедел-қызметтік жұмысының қорытындысы туралы баяндамасымен, қалада 387 өрт оқиғасы тіркелгені туралы шығып сөйледі. Газ-түтінінен қорғау буынымен 314 адам эвакуацияланғаны, оның 108 балалар екенін және 26 адам құтқарылып, оның 10 балалар екенін баса айтып өтті.

Жеке құрамның кәсіби дәрежесін және өрттерге, төтенше жағдайларға жедел ден қою дайындықтарын жоғарылату мақсатында  гарнизонда ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында жалпы гарнизондық  11 өртті-тактикалық  оқу-жаттығу өткізілген.

Онымен қатар жиналыста Аса маңызды объектілерді мемлекеттік қорғау отряды бастығының орынбасары азаматтық қорғау  подполковнигі С.Е.Қожаханов және  №16 МӨСБ бастығы азаматтық қорғау майоры – С.А Жаканов, №1 ӨСБ бастығы азаматтық қорғау майоры - А.А Даиров   «2016 жылдың осы кезеңімен салыстырмалы түрде 2017 жылдың 1 жартыжылдық қорытындысы» тақырыбында баяндамаларын оқыды.  «2017 жылдың 1 жартыжылдықтағы жеке құрамның тәртіптілігі мен заңдылықтары» туралы  кадрлық жұмыс бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры  Б.К. Мусин шығып сөйледі.

Жиналыс соңында  Мейрамбек Советұлы «ӨС және АҚЖҚ» ММ қызметіне әділ баға беріп, 2017 жылдың 2 жартыжылдығына бірқатар  міндеттер қойды, оның ішінде «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрменің қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы және ТЖ салдарын болдырмау және төмендетуде  түрлі шараларды жүзеге асыруды тапсырды.

 Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ



 
Система Orphus