Елордалық құтқарушылар өрт құрсауынан 4 адамды құтқарды, ішінде 3 бала

Баспаға жіберу
11.07.2017 08:37

2017 жылдың 10 шілдесі күні елордалық үйлердің бірінде орын алған  өрт оқиғасы қайғылы аяқталуы мүмкін еді.

Бұл күні  «101» пультіне сағат 19:04-те Ш.Құдайбердіұлы көшесі, 19/2 мекен-жайы бойынша орналасқан үйде өрт орын алғандығы  туралы хабарлама түсті. 1- өрт сөндіру бөлімінің кезекші карауылы шақырту орнына 5 минут ішінде жедел келіп жетті.  Өрт сөндіру бөлімшесі келіп жеткенде, алты қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатында орналасқан № 95 пәтердің жатын бөлмесінде жалпы ауданы 3ш.м. аумақта жиһаз және үй заттары жанып жатқандығы белгілі болды.

Әр секундты жібермей, 1-ӨСБ қарауыл бастығы азаматтық қорғау аға лейтенанты Д. Елеусізов қарауындағы әріптестерімен бірге қатты түтіндеген пәтердің есігін дереу ашты. В квартире обнаружили женщину, и 3 детей. Людей эвакуировали из квартиры и передали врачам скорой помощи. Жертв и пострадавших нет. 

Өрт сөндіру барысында өрт құрсауынан 1975 жылы дүниеге келген әйел адам,  және 2013, 2014, 2016 жылғы 3 бала құтқарылды.

Өрт сөндірушілердің нақты әрі үйлесімді іс-қимылдары арқасында зардап шеккендер сыртқа жедел шығарылып, өрт ошағын жойылды.

Өртті 19:24 жойылып, оған жеке құрамның 10 адамы мен 3 бірлік техника жұмылдырылды. Жану себептері нақтылану үстінде

Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ