Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астаналық Департамент мамандары профориентациялық жұмыстарды бастады

Астаналық Департамент мамандары профориентациялық жұмыстарды бастады

PDF Баспаға жіберу
24.01.2014 00:00

Қаңтардың 23-і күні ТЖ Департаментінің мамандары құтқарушыларды дайындайтын жоғары оқу орны жайында насихаттық жұмыстарды ұйымдастыруда. Астана қаласының №14 және №15 мектептеріне бас сұққан қызметкерлер, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институты жайында 200 шақты келешек түлекті кеңінен ақпараттандырды. Имидждік бейнероликтер көрсеткен мамандар, Институттің мүмкіндіктері мен болашақ жоспарлары жайында баяндап берді.  Көкшетау техникалық институты «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша жоғары кәсіби мамандарды даярлап, өрт қауіпсіздігі бакалавры ғылыми дәрежесін береді.

Күндізгі оқу бөліміне түскен азаматтар 4 жыл казармалық тәртіпте білім алып, мемлекет тарапынан шәкіртақы, тамақтану мен жабдықталған жатақханамен қамтамасыз етіледі. Институтты тәмамдаған түлектерге мемлекеттік үлгідегі диплом беріліп, «өртке қарсы қызмет лейтенанты» шені мен ҚР ТЖМ органдары мен бөлімшелерінде қызмет етуге жолдама беріледі.

Астана қаласы ТЖД-нің баспасөз қызметі


 
Система Orphus