Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Еліміздің заңдарын сақтауда қоғам мүшелерін «Нөлдік төзімділікке» тәрбиелеудің маңыздылығы

Еліміздің заңдарын сақтауда қоғам мүшелерін «Нөлдік төзімділікке» тәрбиелеудің маңыздылығы

PDF Баспаға жіберу
30.01.2014 00:00

Қандай да тәртіп бұзушылық болмасын, оны жасаған адам, оған итермелеген факторлар болады. Бірі заңды абайсыздықпен бұзса, басқасы «ойыма келгенімді жасаймын» деп бірнеше заңды белшесінен басып, кінәсін мойындамай жататыны бар. Бұл орайда, «адам теріс қылықты не себепті жасады?», «Бұл әрекеттердің психологиялық астары неде?»,  деген сынды сауалдар туындайды. Қалай дегенмен, миллиондаған азаматтары бар елде сан алуан тәрбие, білім алып, әрқалай дамыған адамдар тұрады. Ал, оғаш әрекеттерімен қоғамға қауіп төндіріп жүрген азаматтармен күресуді қалай жүргізбекпіз? деген сауал да орынды. Әрине, бұл ретте қолданыстағы заңдарды күшейту – тығырыққа тіреген мәселенің бір шешімі болмақ.

Соңғы кездері заңдарды сақтауда азаматтарымызды «нөлдік төзімділікке» үйретуіміз қажет дегенді жиі еститін болдық. Аталмыш әрекеттерді АҚШ та қолданған екен. Бұл елде «zero tolerance» деген атауға ие болған. Көшелік бандалардың тәртіпсіздіктерінің жиілеп кетуіне байланысты, американдықтар қолданыстағы заңдарын күшейтіп, кішігірім заңбұзушылықтың өзі үшін бұзақыларды белгілі бір жауапкершілікке тартқан. Бұл тәжірибе енді біздің елде де кеңінен қолданылып келеді. Жуырда ғана, еліміздің Қылмыстық Кодексі бірқатар баптармен толықтырылып, кей заңбұзушылықтар үшін жауапкершіліктер күшейтілді.

Қоғамдық тәртіпті бұзатын жеткіншектер, әкімшілік құқық бузышылыққа тартылады. Ауыр заңбұзушылық болмаған соң, басым бөлігі тек айыппұлдармен ғана құтыла салатын кездер де аз емес. Әйтсе де, кішігірім тәртіпсіздік үлкен төтенше жағдайдың орын алуына алып келуі әбден ықтимал.  Мысал үшін, бір топ жасөспірімдердің темекі шегіп, от тұтанған темекі қалдықтары үлкен өрттің пайда болуына себепші болуы мүмкін. Ал бұл төтенше жағдай өз кезегінде адам қазасына, жеке тұлғалардың мүліктеріне зиян алып келеді.

Астана қаласы ТЖД-нің баспасөз қызметі


 
Система Orphus