Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Елордалық құтқарушылар Silk way Rally 2017 раллиінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті

Елордалық құтқарушылар Silk way Rally 2017 раллиінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті

PDF Баспаға жіберу
13.07.2017 07:00

Ағымдағы жылдың шілде айының 7 мен 22 аралығында Ресей, Қазақстан және Қытай арқылы Мәскеу-Астана-Сиань қалаларына «Жібек жолы-2017» континент аралық ралли-рейд өтуде. Ең ұзақ ралли Мәскеудің Қызыл алаңынан бастау алып, 10 шілде күні бізге Қазақстанға келді. Раллиді алғаш қарсы алған Қостанай қаласы болды, және келесі күні жарысқа түсушілер Қостанай – Астанаға бағыт алды.

«ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің іс-шаралары аясында Қазақстанның елородасына келісімен құрамында 37 команда мен 390 автомобилі бар қатысушыларды салтанатты күтіп алды. «Хан Шатыр» СОСО жанында өткен концертті өткізу кезінде, Астана қаласы ТЖД «Есіл» ауданы ТЖБ қызметкерлері 230 тұрғынды қамтып, автокөлікте болған кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігі туралы ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді.

«Жібек жолы-2017» халықаралық раллиінің қатысушылары мен барлық автокөліктері орналасқан «Кадекс» тікұшақ зауытының ауданындағы «Бивауки» алаңында Басқарма қызметкерлерімен өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша профилактикалық жұмыс жүргізілді. Оырн алуы мүмкін өртті сөндіру бойынша жедел ден қою мақсатында жауынгерлік есеппен өрт сөндіру машинасы қойылды, аумақ периметрі бойынша алғашқы өрт сөндіру құралдары қойылды.

Ағымдағы жылдың 12 шілдесінде қатысушылар өз кезеңдерін Астана – Семейге жалғастырады, ал тұтастай алғанда қазақстандық бағдар 13 шілде күні Семей-Үржар кезеңімен аяқталады. Шығыс Қазақстан облысынан «Жібек жолы-2017» раллиі Қытайға жол тартады, бұнда қатысушылар Сиань қаласына 22 шілде күні мәреге шығатын болады.

Астана қаласы ТЖД «Есіл» ауданы ТЖБ



 
Система Orphus