Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астаналық ТЖ Департаментінің қызметкерлері декларация тапсырудағы өзгерістермен танысты

Астаналық ТЖ Департаментінің қызметкерлері декларация тапсырудағы өзгерістермен танысты

PDF Баспаға жіберу
23.01.2014 00:00

Қаңтардың 23-і күні Астана қаласы ТЖ Департаментінде Астана қаласы Салық Департаменті салық құқығымен таныстыру және халықаралық салық салу бөлімінің бастығы Жұмағұлов А.Б. мен Сарыарқа аудандық Салық Басқармасы бақылау бөлімінің бас маманы Орақбай Сұлтан қызметкерлермен кездесу ұйымдастырды. Кеңейтілген отырысқа Астана қаласы ТЖД-нің басшылық құрамы, басқармалар мен бөлімдердің жеке құрамдары, Департамент бөлімдерінің мамандары қатысты.

Салық Департаментінің өкілі мемлекеттік қызметкерлерді жеке табыс салығы бойынша тапсыратын Декларацияға енгізілген өзгерістермен таныстырды. Салық Департаментінің өкілі аталмыш есепті ғаламтор желісі арқылы қалай тапсыруға болатынын да көрсетті. Барлық мемлекеттік қызметкерлер Декларацияны электрондық тәсілмен тапсыру жүйесіне көшіп жатқандықтан, аталмыш кездесудің ТЖД-нің қызметкері үшін маңызы зор.

 

Астана қаласы ТЖД-нің баспасөз қызметі


 
Система Orphus