Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты «Жастар» театрындағы балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы

«Жастар» театрындағы балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы

PDF Баспаға жіберу
17.07.2017 13:04

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудағы басты бағыттардың бірі профилактика болып келеді, атап айтқанда үгіт-насихат іс-шараларын жүргізу.

Бұл ретте, ақпарат қабылдау тиімділігін арттыратын тұрғындарды барынша көп қамтудың маңызы зор.

Осыған орай, бала өлімінің алдын-алу, тұрғындардың білімін көтеру,  жазғы кезеңдегі қауіпсіздік ережесін сақтау және бала жарақаттарының алдын алу мақсатында Астана қаласы ТЖД «Сарыарқа» ауданы ТЖ басқармасымен ағымдағы жылдың 15 шілдесінде «Жастар» театрының қабырғасында Астана қаласы «Зорлық-зомбылық немесе зорлық-зомбылық қаупі салдарынан қиын жағдайға тап болған адамдарға арналған дағдарыс орталығы-баспанасы» КММ ересектер және балалардың, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтарының қатысуымен үгіт-насихаттық көңіл көтеру іс – шарасы өткізілді.

Бұл іс-шара барысында құтқарушылардың арнайы техникасы мен құралдары көрсетілді. Оған қоса, ТЖ қызметі туралы үздік сурет пен өлеңге конкурстар өткізілді.

Содан кейін, балалар үшін аниматорлармен бірге шоу ұйымдастырылып, естелік сыйлықтар табысталды.

Астана қаласы ТЖД «Сарыарқа» ауданы ТЖБ



 
Система Orphus