Қалыпты нұсқасына көшу Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астанада өткен Евгений Плющенконың «Щелкунчигі »!

Астанада өткен Евгений Плющенконың «Щелкунчигі »!

PDF Баспаға жіберу
18.07.2017 00:00

Әлемдік турне шеңберінде әйгілі мәнерлеп сырғанаушы Евгений Плющенко Астанада «Щелкунчик» атты шоу-ертегісін көрермендеріне паш етті. Сыншылар бұл қойылымды Еуропадағы ең таңғаларлық деп атауы бекер емес, себебі бұнда театр жанры мен мәнерлеп сырғанау біріктелген. Мұздағы шоу Петр Чайковскийдың өлеңіне жазылған жазушы-романтик Эрнст Гофманның «Щелкунчик және Тышқандар ханы» атты ертегісі бойынша құрылды. «Щелкунчиктің» мұз бетіндегі көрсетілімін басты қоюшы болып табылатын Плющенко өзі дайындады.

Шоу Астана қаласындағы 11578 орынды Барыс-Арена сарайында өтті. Аталмыш іс-шараға «Есіл» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасынының қызметкерлері белсене қатысты. Қызметкерлер 1475 көрерменді қамтыды, оның ішінде 420 бала, оларға өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша жадынамалар табысталды.

Іс-шара барысында:  «Сіріңке балаларға ойыншық емес!» «Табиғатты оттан қорға!» «Жарылғыш заттар қауіпті ойыншықтар», «Балалардың отпен ойнауы», «Суда өзін-өзі ұстау ережелері» атты тақырыптары бойынша ақпарат берілді.

. Сонымен қатар, қызметкрлер аталған объектіде, жауынгерлік есебі 12 адам болатын өрт сөндіру машиналары қойылды.

Астана қаласы ТЖД «Есіл» ауданы ТЖБ