Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты «ЭКСПО-2017» аумағында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті

«ЭКСПО-2017» аумағында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті

PDF Баспаға жіберу
25.07.2017 12:17

Ағымдағы жылдың 23 шілдесінде құтқарушылар және елордалық ТЖ департаментінің инженерлік-инспекторлық құрамы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің «Нұр-Әлем» павильонында өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді.

Оқу-жаттығу шартына сәйкес, электр сымдарының қысқа тұйықталуынан фотосалонның 30м2 аумағында жану орын алды. Нұр-Әлем» павильонының аумағында автоматты өрт дабылының құрылғысы іске қосылды. Шақыру орныныа бірнеше минуттан кейін, ЭКСПО-16 бөлімшесінің кезекші ауысымы келеді. Оқиға орнына келісімен, құтқарушылар барлық эвакуациялық шығуларды ашып, ғимараттан адамдарды эвакуациялауды бастайды. Эвакуацияланғандардың жалпы саны 255 адам. Оқу-жаттығу барысында штаб құрылды.  да өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді.

Қазақстандық «Нұр-Әлем» павильоны ЭКСПО кешенінің дәл орталығында орналасқан. Бұл диаметрі - 80 метр, биіктігі – 100 метр, аумағы – 5000 м2 құрайтын сфера. Сфера айналасында 14 ғимарат орналасқан, бұлар – халықаралық павильондар.

Бұл оқу-жаттығудың мақсаты адамдарды, материалдық құндылықтарды эвакуациялау әдісі мен тәсілдерін, оған қоса осындай бірегей ғимараттарда өртті сөндіруді пысықтау. Сонымен қатар, төтенше жағдайлар кезінде басқару сапасын көтеруге бағытталған жаттығуларды өткізу болып табылады.

Оқу-жаттығуға 9 бірлік техника мен жеке құрамның 31 адамы жұмылдырылды. Сондай-ақ, жаттығуға өзара әрекеттесетін келесі қызметтер: «Орталық аймақтық аэромобильді жедел-құтқару жасағы» ММ және ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ қатысты. 

Астана қаласы ТЖД



 
Система Orphus