Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Ұлыбритания елшілігі елордалық № 3-МӨСБ құтқарушыларына алғыс білдірді

Ұлыбритания елшілігі елордалық № 3-МӨСБ құтқарушыларына алғыс білдірді

PDF Баспаға жіберу
27.07.2017 11:19

«ӨС және АҚЖҚ» ММ № 3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары өртті сәтті сөндіргені, әрі өрттің таралуы мен Ұлыбритания елшілігі ғимаратындағы қызметкерлер мен қонақтар арасында үрей туындауына жол бермегендігі үшін ризашылық ретінде, Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі доктор Кэролин Брауннан алғыс хат алды және салтанатты қонағасына шақыру алды.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 25 мамырында 17 сағ. 33 минутта Космонавттар көшесі, 62 мекен-жайы бойынша орналасқан «Ренко» БО ғимаратындағы жану туралы хабарлама түсті. Аталған жағдай бойынша өрттің № 2 жоғары рангы бойынша оқиға орнына күштер мен құралдар жолданды. № 3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімімен екі негізгі және бір арнаулы өрт сөндіру машиналары орынға шықты.

Өрт сөндіру бөлімшелерінің келу уақытында, 6 минуттан кейін-ақ алтынша қабат деңгейінде ішкі ағаш қаптамасы жанғаны анықталды. № 3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді іс-қимылының арқасында, аға инженер Р. Шугай басшылығымен өрт қысқа уақыт ішінде тез жойылды. Осылайша өрттің таралуына және Ұлыбритания елшілігі ғимаратындағы  қызметкерлер мен қонақтар арасында үрей туындауына жол бермеді.

Жалпы алғанда, бұндай жағдайлар құтқарушылардың өмірінде жиі орын алады. Сондықтан да өрт сөндірушілердің негізгі борышы – төтенше жағдайларды болдырмау, ал ең маңыздысы - адам өмірін сақтап қалу! 

Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ



 
Система Orphus