Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астаналық ТЖ Департаментінің қызметкерлері рейдтер ұйымдастыруда

Астаналық ТЖ Департаментінің қызметкерлері рейдтер ұйымдастыруда

PDF Баспаға жіберу
24.01.2014 00:00

Қаңтардың 23-і күні Астана қаласы ТЖД-нің мамандары ІІБ кәмілетке толмағандар ісі жөніндегі инспекциямен бірлесе отырып, жеке тұрғын секторында тұратын тұрмысы төмен отбасылар арасында рейдтік іс-шараны  жүргізді. 2014 жылдың 1 қаңтардағы есепке қарағанда,  «Алматы» ауданында 148 тұрмысы нашар отбасы тіркеуде тұр. Оларға жеке тұрғын секторда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы жаднамалар берілді. Жекеменшік секторда пәтер жалдаушылар көп. ТЖД қызметкерлері оларға пештерді пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерінің қаншалықты маңызды екендігін түсіндіріп, балаларды жалғыз қалдырудың қауіпі жайында айтты. Жыл басынан бері Астана қаласының  «Алматы» ауданында ұқсас 4 рейд өткізілді. Биылғы жылдың ақпан айына да жекеменшік сектор бойынша осындай 4 рейд жоспарланған. Тексеру барысында әсіресе тұрмысы нашар отбасыларға көңіл көбірек бөлінеді.

 

Астана қаласы ТЖД-нің баспасөз қызметі


 
Система Orphus