Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Тағы да құтқарылған өмір!

Тағы да құтқарылған өмір!

PDF Баспаға жіберу
07.08.2017 09:54

Ағымдағы жылғы суға шомылу маусымы басталғалы бері су қоймаларында құтқарушылар өзінің жедел әрі үйлесімді қызметінің арқасында 22 адамның өмірін сақтап қалды. Бұл ретте елордада аумақты халықаралық іс-шара өтіп жатқандықтан, астаналық гарнизонға іргелес орналасқан елді-мекендердің гарнизондарынан су қоймаларындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін берілген күштер мен құралдардың еңбегін атап өткен жөн.

Осылайша, ағымдағы жылдың 6 тамызында Қоянды су айдындағы жағажай аумағында өзенде жүзіп жүрген қайықтың аударылу оқиғасы орын алған, салдарынан ішінде болған әйел адамның өміріне қатер туындаған.

Сол мезетте аталған аумақта кезекшілікте жүрген Көкшетеу жедел құтқару жасағынан берілген күштер суға батып бара жатқан әйелді көріп, дереу түрде құтқару операциясына кірісіп кетеді. Нәтижесінде Е.А. Қалиев және И.А. Байғожин құтқарушыларымен 1993 жылы дүниеге келген азаматша Назым Садықова құтқарып қалды.

Құрметті Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары су айдынында болған кезде келесілерге тыйым салынатынын естен шығармаңыздар:

-         жүзе алмасаңыз, жағалаудан алысқа және тереңге жүзбеңіз;

-         «Шомылуға тыйым салынады» белгілері орнатылған және таныс емес орындарда сүңгіп және жүзбеңіз;

-         жүзу құралдарынан секіруге болмайды;

-         ішімдік қабылдап немесе мас күйінде суға шомылмаңыздар;

-         суда қауіпті ойындарды ұйымдастырмаңыздар;

-         жалған үрей дауысын шығармаңыздар;

-         тақтайларда, ағаштарда, автокөлік дөңгелектері мен үрмелі матрастарда  жүзбеңіздер;

-         суға шомылу кезінде балаларды қараусыз қалдырмаңыздар.

Өзіңіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтаңыз! Қауіпсіздік ережелеріне салғырттықпен қарамаңыздар!

Астана қ. ТЖД



 
Система Orphus