Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Құтқарушы жасақтарының белсенді жұмысы

Құтқарушы жасақтарының белсенді жұмысы

PDF Баспаға жіберу
09.08.2017 03:20

Жазғы суға шомылу басталысымен қала су айдындарында қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында, Астана қаласы ТЖ департаменті Астана қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп, Есіл өзені арнасы бойында рейд жүргізетін 2 топ құтқарушылар жасағын құрды.

Еріктілер қатарынан құрылған 9 адамнан тұратын құтқарушы жасақтарының топтары кестеге және қала су айдындарын аралап өту бойынша бекітілген бағдарға сәйкес белсенді жұмыс жүргізуде. Ағымдағы жылдың 7 маусымы мен 31 шілдесі аралығанда 950-ден астам демалушылармен судағы жүріс-тұрыс қағидаларын сақтау мәселесі бойынша кеңес өткізіліп, және  600-ге жуық жадынама мен парақшалар таратылды.

Бұдан басқа, балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру фактілері анықталған кезде,  ата-аналармен мұндай жағдайларды болдырмау бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.Құтқарушылар жасақтарының командалары суда төтенше жағдайлар туындаған кезде СҚҚ құтқарушыларына шұғыл ақпаратты жеткізу үшін таным жилеттерімен, бейджиктермен және тасымалданатын радиостанциялармен  жабдықталған.

Құрметті демалушылар, қайғылы және жазатайым оқиғалардан сақ болу үшін суға шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар!

Астана қ. ТЖД ТЖЖБ



 
Система Orphus