Құтқарушылар ЖКО-нан зардап шеккендерге көмек көрсетті

Баспаға жіберу
17.08.2017 05:50

Ағымдағы жылдың 11 тамызда 12 сағат 00 минутта Мәңгілік Ел және Ұлы Дала даңғылдарының қиылысында жол көлік оқиғасы орын алды. Екі автокөлік қақтығысында үш адам зардап шекті, олар майысқан автокөлікте қысылып қалған. Құрамында үш адам және бір бірлік техникасы бар Алматы қаласы «АЖҚЖ» ММ берілген күштері оқиға орнына шықты.

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу кезеңіне еліміздің 5 өңірінен Жедел-құтқару жасағы жеке құрамының 41 адамы келді. Іргелес гарнизондардан қоса берілген күштер көрме ауғында және бүкіл қала аумағында болатын төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және көмек көрсету үшін келген болатын.

Құтқарушылардың үйлесімді және жедел іс-қимылының арқасында, атап айтқанда В.В. Татаркин, Ғ.Ө. Амантай және А.Б. Хасенов  гидравликалық құрылғының көмегімен автокөліктің есігін ашып, зардап шеккендерді шығарып, оларды орынға келген «Жедел медициналық жәрдем» бригадасына тапсырды. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

Құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде құтқарушылардың басты міндеттерінің бірі зардап шеккендердің арасында үрей туындауына жол бермеу, әрине бұл жағдайда автокөліктен шығарудың қауіпсіз жолдарын тауып, оларды құтқару болды.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті автокөлік иелерін жылдамдық режимін сақтауға және жолда абай болуға шақырады! Сіздің және айналаныздағы адамдардың өмірі автокөлікте қауіпсіздік ережесін сақтауыңызға тәуелді екенін ұмытпаңыздар.

 Астана қаласы ТЖД ТЖЖБ