Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Елордалық ТЖ департаментінде ақпаратты тиімді жеткізуге мүмкіндік беретін LED экраны орнатылды

Елордалық ТЖ департаментінде ақпаратты тиімді жеткізуге мүмкіндік беретін LED экраны орнатылды

PDF Баспаға жіберу
17.08.2017 00:00

Халықты оқытудың ең тиімді тәсілдерінің бірі LED экрандарда көрсетілетін бейнероликтер болып табылады. Осыған байланысты Астана қаласы ТЖ департаменті ғимаратының қасбетіне көлемі 15 ш.м. болатын LED-экран орнатылды.

Бүгінгі таңда халыққа ақпаратты жеткізу күннен –күнге күрделеніп барады. Түрлі-түсті хабарламалар, көрнекті баннерлер мен көшедегі жарнамалар қала көшелерін толықтай жаулап алды десе болады, және өз кезегінде бұндай жарнамадан ешқандай тиімділік жоқ.

Өрт қауіпсіздігі ережелерін насихаттау мақсатында LED-экранда бейнероликтерді көрсету түрлі жас санатындағы халықты барынша қамтуға мүмкіндік береді. Жарнамалық конструкциялар күн сайын елорданың тұрғындары мен қонақтарының назарын өздеріне аударып, халықтың өрт қауіпсіздігі мәдениетін жоғарылатуға қоса әсер етеді.


Қазіргі қоғамда адамдардың көбі, оның ішінде жас ұрпақтар ақпаратты заманауи технологиялар арқылы қабылдағанды таңдайды, ал LED-экранда үгіт-насихаттау профилактикалық сипаттағы бейнероликтер көрсетіліп, дауыл туралы ескертулер, қысқы  кезеңде сабақтарды болдырмау, азаматтық қорғаудың ЖОО-на түсу туралы  ақпарат орналасатын болады.

Халықтың қауіпсіздік мәдениетін жоғарылату қоғамдық маңызы бар іс болып табылады, өйткені профилактикалық жұмыстың арқасында төтенше жағдайдың алдын-алуға және біреудің өмірін құтқаруға болады.

Астана қаласы халқын түрлі ТЖ бойынша ақпараттандыру және оқыту, бейнероликтер көрсетілімі ТЖ салдарынан адам өмірін және мүлікті қорғауға көмектеседі.

Астана қ. ТЖД



 
Система Orphus