Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты «Зияткер» балабақшақшында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«Зияткер» балабақшақшында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

PDF Баспаға жіберу
21.08.2017 09:17

Ағымдағы жылдың 17 тамызында Астана қаласы ТЖД «Есіл» ауданы ТЖБ-нің қызметкерлерімен № 86 «Зияткер»  балабақшасының 20 адам көлемінде тәрбиешілерімен «Балалардың терезеден құлауы», «Сіріңке балаларға ойыншық емес», «Суда өзін-өзі ұстау ережелері» тақырыптарында оқыту шаралары жүргізілді.  Оқыту шарасы кезінде нұсқаулық, сонымен қатар өрт сөндіргішті пайдалану бойынша практикалық сабақ, балаларды дұрыс эвакуациялау, өрт болған кездегі қызметкерлердің іс-әрекеті пысықталды.


Тәрбиешілерді қызықтыратын көптеген сұрақтар қойылып, оған біздің қызметкерлер оңай жауап берді. Жаз мезгілі басталысымен   балалардың көбі  демалыста, сондықтан ата-аналары оларды қараусыз қалдырып, сырттарынан есікті қалай ашу керектігін айтпай жауып кетеді. Сонымен қатар қызметкерлермен көп пәтерлі тұрғын үйлердің тезелерінен балалардың құлау жағдайлары туралы түсініктемелер берілді. Соңғы жылдары үйлеріміздегі   қорғағыш торлармен жабдықталған пластик терезелердің саны артуда, сондықтан ересектер оның балаларға қаншалықты қауіпті екенін түсінулері керек.

Құрметті ата-аналар! Қорғағыш торларды  сәйкесінше қорғауынсыз пайдалауға болмайды, терезелерді ашық қалдырмаңыздар, себебі бала өз алдында тұрған кедергіні көріп, сенімді түрде сүйенеді, нәтижесінде  кішкентай салмақты көтере алмайтын тормен бірге құлап қалуы мүмкін. Балаларыңызды қорғаңыздар, балалар біздің болашағымыз!

Астана қаласы ТЖБ «Есіл» ауданының ТЖБ


 
Система Orphus