Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Құтқарушылар өртті алдын-алу бойынша профилактикалық жұмыстарын жалғастыруда.

Құтқарушылар өртті алдын-алу бойынша профилактикалық жұмыстарын жалғастыруда.

PDF Баспаға жіберу
28.08.2017 11:09

2017 жылғы 17 тамызында Астана қаласы ТЖД "Есіл" ауданы ТЖБ қызметкері  20 қалалық сот қызметкерлерімен үгіт - насихалық жұмыстарын  өткізіді.  Басты тақырып: "Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі, бастапқы өрт сөндіру құралдарымен дұрыс пайдалану" болды. Сонымен қатар,  осы тақырып бойынша  бейнероликтер көрсетілді. Сабақ барысында өрт сөндіргішті пайдалану бойынша  практикалық  шаралар көрсетіліп, жеке құрамның дұрыс эвакуация жасауы мен өрт кезінде персоналдың іс-әрекеті түсіндірілді. Өрт пайда болуының негізгі себептері: отты абайсыз қолдану, электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану ережелерін бұзу болып табылады.

50% - өрттердің тұрғын үй секторларында болатынын ескере отыра, өрт-алдын алу жұмыстарының негізгі бағыты тұрғын секторларда өткізіледі. Өкінішке орай тұрғын үй ғимаратындағы өрт саны көбейіп, көбінесе адамдардың салғырттығынан болып жатады.

Сондықтан, тұрғындар негізгі ережелерді білуі тиіс. Осыған байланысты мемлекеттік өрт бақылау қызметінің басты бағыты  үгіт-  насихат және профилактикалық жұмыстар болып отыр..   Астана қаласы ТЖД "Есіл" ауданы ТЖБ қызметкерлері, төтенше жағдайлардың   болуы мүмкін жағдайларын азайту, денсаулығын сақтау және адам өмірін, залал мен материалдық шығын мөлшерін азайтуда бірқатар жұмыстар атқарып жатыр.  Бірақ әрбір азамат қауіпсіздік шараларын сақтауы тиіс, себебі тек қана өзінің өмірі емес оны  қоршаған адамға да залалы тиуі мүмкін.

Астана қаласы ТЖД «Есіл» ТЖБ



 
Система Orphus