Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астаналық ТЖД Конституция күніне орай салтанатты шара өтті.

Астаналық ТЖД Конституция күніне орай салтанатты шара өтті.

PDF Баспаға жіберу
29.08.2017 10:32

Тамыздың 29-ы күні елордалық ТЖ департаментінде Конституция күніне орай   салтанатты шара өтті.  ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Б. Дұзақбаев  әріптестерін және ардагерлерді Конституция күнімен құттықтады.

Жиын барысында Департамент бастығының орынбасары   полковник М.Т.Аманбаев мерекелік баяндама оқыды. «Сіздерді мемлекетіміз үшін аса маңызды мерекелердің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын. Конституция күнін тойлау жылдың негізгі қоғамдық-саяси оқиғаларының бірі болып табылады. Бірнеше жылдар бойы Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызмет етіп келеді. Астанамызда жыл сайын әлемдік деңгейдегі көптеген іс-шаралар мен салтанатты жиындар өтеді. Біз үшін, құтқарушылар үшін, мереке күндері жоқ, біз әрқашан жауынгерлік бекеттеміз. Құтқарушылар әрдайым күндегідей толық жауынгерлік дайындықта»,-деп атап өтті М.Т.Аманбаев.

Іс-шараға ТЖ органдарының ардагерлері де қатысты. ТЖ органдарының ардагерлері  Сұлтанбеков Б.А. мен Мирсалимов М.М Астана қаласы ТЖД бастығы Б.Дұзақбаев  «Қазақстан полициясына 25 жыл» төс белгілерімен марапаттады.  Астана құтқарушыларына қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін және авариялық-құтқару жұмыстарында көрсеткен батылдықтары үшін Б.Дұзақбаев «Төтенше жағдайлардың алдын-алуда және жоюда үздік шыққаны үшін», «Ішкі істер органдарының ардагері» и   ІІ және III дәрежелі  «Мінсіз қызметі үшін»  төс белгілерімен марапаттады.

Астана қаласы ТЖД



 
Система Orphus