Қалыпты нұсқасына көшу Тіл: Қазақша Русский 

Басты Қазақстан Республикасы Конституциясы Күні!

Қазақстан Республикасы Конституциясы Күні!

PDF Баспаға жіберу
29.08.2017 10:46

22 жыл бұрын бәріміздің күшімізбен еліміздің Негізгі Заңы –Конституция қабылданды. Қазақстан Республикасының Конституциясы- біздің мемлекетіміздің негізі, қазақ елінің еркіндігінің, құқығының, бостандығының жүзеге асырылғанының белгісі. Бүгінгі күні біз үлкен мақтанышпен осындай керемет мерекені тойлаймыз.

Еліміздің Конституциясы- бұл тек мемлекеттің басты заңы ғана емес, бұл мемлекеттің тарихы, оның мәдениеті, оның негізі. Сондықтан да бүгінгі мереке, Конституция Күні -аса маңызды!

Қазіргі әлеуметтік, экономикалық және техникалық озықтықтың заманында біздің еліміз сіздермен бірге, халықаралық позицияны нығайта отырып,сенімділікпен алға жылжуда деп нық сеніммен айтуға болады.

Бүгінгі мерекеде өзімізге еліміздің және өзіміздің болашағын бәріміз бірге жасайтынымызды тағы да ескерте кетейік.

Астана қаласының ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ ұжымының және жеке өз атымнан  барлығымызға амандық, аспанымыз ашық, Еліміздің гүлденуінің жолында жаңа жетістіктерге ұмтылыс және әр отбасыға бақыт пен жақсылық тілеймін!

Құрметпен,

Астана қаласының ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Р.Ильчубаев