Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Пештік жылыту және электр жылытқыш құралдары - өрт пайда болуының басты себептері

Пештік жылыту және электр жылытқыш құралдары - өрт пайда болуының басты себептері

PDF Баспаға жіберу
15.09.2017 00:00

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап өрт қауіпсіздігінің айлығы бастау алған болатын. Осыған орай, елордалық құтқарушылармен жеке тұрғын үйлерді аралау іске асырылады. Жылыту кезеңі басталысымен пештік және электр жылытқыш құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтамау себебінен өрттің пайда болуы қаупі жоғарылайды. Үйлерге арналған жылыту жабдықтары (орталық жылыту қондығылары, ықшам және стационарлық жылытқыштар және алау ошақтар) қыс айларында тұрғын үйлерде өрттердің туындауының екінші жиі себептерінің бірі болып табылады.

Осыған байланысты, Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Сарыарқа» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасымен жеке тұрғын секторларында өрт профилактикасы бойынша аралау жұмыстары жүргізілуде. Аралау барысында дауыс зорайтқыш құралды қолдану арқылы өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелері жеткізілуде. Бұл үгіттеу іс-шарасының түрі тұрғындардың көбірек қамтуға жол береді. Бұндай іс-шаралардың басты мақсаты - өрттер мен адамдардың көз жұмуының алдын алу.

Елордалық өрт сөндірушілер тұрғындарға пешті жағу және электр құрылғыларын пайдалану кезінде аса зейінді және мұқият болу қажеттігін ескертеді.

Астана қ. ТЖД «Сарыарқа» ауданы ТЖБ



 
Система Orphus