Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Елордалық құтқарушылар: «Біз таза қала үшін»

Елордалық құтқарушылар: «Біз таза қала үшін»

PDF Баспаға жіберу
18.09.2017 10:34

Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде елорда аумағын тазарту және абаттандыру  экологиялық айлығының шеңберінде Астана қаласында жалпы қалалық сенбілік өтті. Елорда көркін асыру шарасына Астана қаласы ТЖ департаментінің және «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ қызметкерлері де ат салысты.

Құтқарушылар департамент аумағын, өрт сөндіру қызметі мен бөлімдеріне қарасты аумақты қоқыстардан тазартты. Жалпы қалалық сенбілікке қатысушылардың айтуынша, осы сынды іс-шаралар бас қаламыздың экологиялық жағдайын жақсартып қана қоймай, тұрғындар арасында экологиялық мәдениеттің артуына себепші болады.

ТЖ қызметкерлері күнделікті елорда қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бүгінде елордалық құтқарушылар қала көшелеріндегі тазарту жұмыстарына қатысып, маңызды, әрі пайдалы шараға ат салысты.

Астана қаласы ТЖД



 
Система Orphus