Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Өрт қауіпсіздігінің айлығы

Өрт қауіпсіздігінің айлығы

PDF Баспаға жіберу
25.09.2017 00:00

Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде «Есіл» ауданы ТЖ басқармасы Астана қ. ІІД ЖПҚ, «24 Хабар» телеарнасы тілшілері және «Есіл» ауданы әкімдігінің қызметкерлерімен бірлесіп, «Пригородный» тұрғын алабында аула аралау жұмыстарын өткізді. Тұрғылықты орны белгісіз адамдар жиналуы мүмкін  орындарда рейд жүргізілді, мұнда 120 адамды қамтыды.  Сонымен қатар, жағдайы төмен отбасылардың, мүгедек жандардың  үйлерін аралап, өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді әрі жадынамалар таратты.

Үгіт-түсіндіру жұмыстары үшін өрт автокөліктерінде орнатылған дауыс зорайтқыш құралдары арқылы тұрмыстағы өрт қауіпсіздігінің шаралары оқылып, азаматтарды өз аумақтарында от жағу, қоқыс жағудың қауіптілігі туралы ескерту жұмыстары жүргізілді.

Пештердің түтіндіктерін уақытылы тазаламау улы газбен улануға әкеліп соқтырады. ЭКСПО көрмесі аяқталғаннан кейін, «Есіл» ауданы ТЖБ-ның қызметкерлері ақшалай сыйақы алып, сол ақшаға жағдайлары төмен отбасыларға көмек ретінде түтіндіктерді тазалауға өз ынталарын білдірді.

Тұрмыстағы өрттердің алдын-алу мақсатында өрт қауіпсіздігі шаралары бар үгіт-профилактикалық бейнероликтар көрсетіледі. Телеарналар арқылы қауіпсіздіктің негізгі шаралары көрсетілген жүгіртпе жолдар жарияланады. Тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі бойынша жадынамалар таратылады.

Атқарылған жұмыс өрт жағдайына өзінің оң септігін тигізіп, 2016 жылмен салыстырғанда 17,6%-ға төмендеді (2016 жылы - 506 өрт, 2015 жылы - 614 өрт), адамдардың қаза болуы 35%-ға төмендеді (2016 жылы -13 адам, 2015 жылы - 20 адам).

«Есіл» ауданының ТЖБ барлық азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауын сұрайды. Сонымен бірге электр шаруашылығы, пешпен жылыту, эвакуация жолдары, жанатын материалдар мен сұйықтықтарға және т.б. аса назар аудару қажет.

Құрметті азаматтар, өртті сөндіргеннен, оның алдын алу оңайырақ екенін ұмытпаңыздар. Және де өрт материалдық шығын мен адамдардың қаза болуына әкеліп соқтырады.

Астана қаласы ТЖД Есіл ауданы ТЖБ



 
Система Orphus